(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2011.13.09 № 1045 ҚАУЛЫСЫ
Жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік мүлікті ұлттық басқарушы холдингтің, ұлттық холдингтің, ұлттық компанияның акцияларын төлеуге беру қағидасы мен шарттарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 13 қыркүйектегі № 1045 Қаулысы
Осы редакция 2012 жылғы 12 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 114-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік мүлікті ұлттық басқарушы холдингтің, ұлттық холдингтің, ұлттық компанияның акцияларын төлеуге беру қағидасы мен шарттары бекітілсін.
2. «Жекешелендіруге жатпайтын мүлікті ұлттық компанияларға беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы № 1454 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 51, 678-құжат) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2011 жылғы 13 қыркүйектегі
№ 1045 қаулысымен
бекітілген
Жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік мүлікті ұлттық басқарушы холдингтің, ұлттық холдингтің,
ұлттық компанияның акцияларын төлеуге беру
қағидасы мен шарттары
1. Жалпы ережелер
Редакция документа
Демо – версия документа