Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Аэротүсірілім жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 1 қарашадағы № 1392 Қаулысымен бекітілген) (күші жойылды)

ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 16 сәуірдегі № 358 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2012 жылғы 1 қарашадағы

№ 1392 қаулысымен

бекітілген

 

 

«Аэротүсірілім жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру»
мемлекеттік қызмет стандарты

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. «Аэротүсірілім жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) мына мекенжай бойынша: Астана қаласы, Есіл ауданы, Орынбор көшесі, 10-үй, 12-кіреберіс, № 510 кабинет, тел: 8 (7172) 74-24-40 көрсетеді.

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.

3. Мемлекеттік қызмет «Геодезия және картография туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 3 шілдедегі Заңының 6-бабы 8) тармақшасының, «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабының, «Аэротүсірілім жұмыстарын жүргізуге рұқсаттарды тіркеу, есепке алу және беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 4 маусымдағы № 530 қаулысының негізінде көрсетіледі.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы толық ақпарат Агенттіктің www.auzr.kz интернет-ресурсында орналастырылған.

5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі қағаз тасығышта аэротүсірілім жұмыстарын жүргізуге рұқсат (бұдан әрі - рұқсат) немесе жазбаша түрде бас тарту туралы дәлелді жауап беру болып табылады.

6. Мемлекеттік қызмет жеке немесе заңды тұлғаларға (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет алушы) көрсетіледі.

7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

1) мемлекеттік қызмет алушы осы стандарттың 11-тармағында айқындалған қажетті құжаттарды тапсырған күннен бастап 25 (жиырма бес) жұмыс күнінен кешіктірмей;

2) құжаттарды тапсырған кезде кезекте күтудің рұқсат берілген ең көп уақыты - 20 минуттан аспайды;

3) құжаттарды алған кезде кезекте күтудің рұқсат берілген ең көп уақыты - 15 минут.

8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку