(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР 2011.24.11 № 496-ІV ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының
Заңы
2012 - 2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы
(2012.16.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2012 жылғы 20 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Осы Заңды іске асыру туралы ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 1428 Қаулысын қараңыз
ҚР 2012.16.03. № 6-V Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1-бап. 2012 - 2014 жылдарға арналған республикалық бюджет тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2012 жылға мынадай көлемде бекітілсін:
1) кірістер - 5 112 412 323 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер бойынша - 3 365 696 627 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша - 230 560 870 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша - 19 590 311 мың теңге;
трансферттер түсімдері бойынша - 1 496 564 515 мың теңге;
2) шығындар - 5 474 618 196 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредит беру - 54 000 757 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 177 999 247 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 123 998 490 мың теңге;
4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 363 627 077 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 364 137 077 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 510 000 мың теңге;
5) тапшылық - -779 833 707 мың теңге немесе елдің жалпы ішкі өнімінің 2,5 пайызы;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру - 779 833 707 мың теңге.
2-бап. 2012 жылға арналған республикалық бюджетте Ресей Федерациясының «Байқоңыр» кешенiн пайдаланғаны үшін 17 077 500 мың теңге сомасында және әскери полигондарды пайдаланғаны үшін 3 680 721 мың теңге сомасында жалдау ақыларының түсiмдері көзделсiн.
3-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына жiберiлетiн 2012 жылға арналған бюджетке түсетiн түсiмдердiң көлемi 4-қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
4-бап. Тиiстi бюджеттiң кiрiсiне мыналар есептелетiн болып белгiленсiн:
Редакция документа
Демо – версия документа