«Үкіметтік емес стандарттарды әзірлеу, консенсусты қамтамасыз ету, бекіту, есепке алу, тіркеу, белгілеу, өзгерту, жою, өзектендіру, сақтау, басып шығару, тарату, әзірлеушінің авторлық құқығын сақтау және оларды қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2012 жылғы 28 қыркүйектегі № 344 бұйрығы (күші жойылды)
Үкіметтік емес стандарттарды әзірлеу, консенсусты қамтамасыз ету, бекіту, есепке алу, тіркеу, белгілеу, өзгерту, жою, өзектендіру, сақтау, басып шығару, тарату, әзірлеушінің авторлық құқығын сақтау және оларды қолданысқа енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2012 жылғы 28 қыркүйектегі № 344 бұйрығы
ҚР Сауда және интеграция министрінің 2020 жылғы 14 қазандағы № 223-НҚ бұйрығымен күші жойылды
«Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 7-бабы екінші бөлімінің 9)-тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Үкіметтік емес стандарттарды әзірлеу, консенсусты қамтамасыз ету, бекіту, есепке алу, тіркеу, белгілеу, өзгерту, жою, өзектендіру, сақтау, басып шығару, тарату, әзірлеушінің авторлық құқығын сақтау және оларды қолданысқа енгізу ережесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті (Р.А. Сәтбаев) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Қ.А. Тулеушинге жүктелсін.
Бұйрықтың 4-тармағына сәйкес орыс тілдегі мәтіні алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі
4. Осы бұйрық оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Премьер -Министрдің орынбасары - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрі | Ә. Исекешев |
Премьер-Министрі орынбасары -
Қазақстан Республикасы Индустрия
және жаңа технология министрінің
2012 жылғы 28 қыркүйектегі № 344
бұйрығымен бекітілген
Документ утратил силу
Демо – версия документа