(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2006.29.09. № 943 ҚАУЛЫСЫ
Республикалық және жергілікті маңызы бар ерекше қөрғалатын табиғи аумақтарды құруға және кеңейтуге арналған жер учаскелерін резервте қалдыру ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 29 қыркүйектегі № 943 Қаулысы
Осы редакция 2012 жылғы 7 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексіне және «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етедi:
1. Қоса беріліп отырған Республикалық және жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құруға және кеңейтуге арналған жер учаскелерін резервте қалдыру ережесі бекітілсін.
2. «Жерді ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға жатқызу және жерді осы аумақтардың резервіне қалдыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 8 қыркүйектегі № 910 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 36, 369-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбындағы және 1-тармақтағы «және жерді осы аумақтардың резервіне қалдыру» деген сөздер алынып тасталсын;
кіріспесіндегі «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 15 шілдедегі Заңына және» деген сөздер алынып тасталсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Жерді ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға жатқызу және жерді осы аумақтардың резервіне қалдыру ережесінде:
тақырыбындағы «және жерді осы аумақтардың резервіне қалдыру» деген сөздер алынып тасталсын;
5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15-тармақтар алынып тасталсын.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
| Д. Ахметов |
Үкіметінің
2006 жылғы 29 қыркүйектегі
№ 943 қаулысымен
бекітілген
Республикалық және жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи
аумақтарды құруға және кеңейтуге арналған жер учаскелерін резервте
қалдыру ережесi
1. Жалпы ережелер
Редакция документа
Демо – версия документа