(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2004 Ж. 9 НАУРЫЗДАҒЫ № 291 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасының мемлекеттік орман күзетi туралы
ереженi бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2004 жылғы 9 наурыздағы № 291 қаулысы
Осы редакция 2012 жылғы 7 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шiлдедегі Орман кодексiне сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:
1. Қоса берілiп отырған Қазақстан Республикасының мемлекеттік орман күзетi туралы ереже бекітілсiн.
1) "Қазақстан Республикасының мемлекеттік орман күзетi туралы ереженi бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 21 сәуірдегі № 421 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1994 жыл, № 19, 188-құжат);
2) "Қазақ орман шаруашылығы басшы қызметкерлерi мен мамандарының біліктілiгiн арттыру институтын тарату туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 6 сәуірдегі № 454 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлген өзгерiстердiң 1-тармағының (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2001 жыл, № 13, 158-құжат) күшi жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі |
|
|
|
| Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2004 жылғы 9 наурыздағы № 291 қаулысымен
бекiтілген
Қазақстан Республикасының мемлекеттік
орман күзетi туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік орман күзетi (бұдан әрi - мемлекеттік орман күзетi) ормандарды күзету, қорғау, молықтыру және орман пайдалану мәселелерiмен айналысатын орман мекемелерiнiң қызметкерлерiнен тұрады.
2. Мемлекеттік орман күзетiне Қазақстан Республикасының Орман кодексiне сәйкес мемлекеттік орман қорын күзету мен қорғау ережесін, орман пайдалануды жүзеге асырудың, мемлекеттік орман қоры жерлерiнiң нысаналы мақсатына сәйкес оларды пайдаланудың белгiленген тәртібін бұзуды тыю және оның алдын алу жөнiнде, сондай-ақ орманға зиян келтiретiн басқа да iс-әрекеттердi тыю және олардың алдын алу жөнiнде құқықтар беріледi.
Редакция документа
Демо – версия документа