«Күзет қызметін лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 9 қарашадағы № 1421 Қаулысы (2014.28.11. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)
Күзет қызметін лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 9 қарашадағы № 1421 Қаулысы
(2014.28.11. берілген өзгерістермен)
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 18 маусымдағы № 457 Қаулысымен күші жойылды
«Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған күзет қызметін жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі бекітілсін.
2. ҚР Үкіметінің 2014.28.11. № 1249 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
3. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
С. Ахметов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2012 жылғы 10 қарашадағы
№ 1421 Қаулысымен бекітілген
Күзет қызметін жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың
тізбесі
Р/с № | Біліктілік талаптары | Құжаттар | Ескертпе |
1 | 2 | 3 | 4 |
1. | Жеке күзет ұйымының, оның ішінде филиалының басшысы лауазымына: 1) жоғарғы заңгерлік білімі немесе Қарулы Күштерде, басқа әскерлер мен әскери құралымдарда командалық лауазымдарда немесе құқық қорғау және арнаулы органдарда басшы лауазымдарында кемінде үш жыл жұмыс өтілі бар; 2) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін арнайы бағдарлама бойынша даярлықтан өткен; 3) денсаулық сақтау органдарында психикалық ауру, алкоголизм немесе нашақорлық бойынша есепте жоқ; 4) қылмыс жасағаны үшін соттылығы жоқ Қазақстан Республикасының азаматтары тағайындалады. | Дипломның көшірмесі | Дипломның болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны |
Документ утратил силу
Демо – версия документа