«Пайдалы қазбалардың кең таралғандарын қоспағанда, қатты түрлерінің кен орнын (кен орындарының бір тобын, кен орнының бір бөлігін) рентабельділігі төмен санатқа жатқызу және пайдалы қазбаларды өндіруге арналған салық бөлігінде салық салу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 қазандағы № 1379 Қаулысы (2017.08.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)
Пайдалы қазбалардың кең таралғандарын қоспағанда, қатты түрлерінің кен орнын (кен орындарының бір тобын, кен орнының бір бөлігін) рентабельділігі төмен санатқа жатқызу және пайдалы қазбаларды өндіруге арналған салық бөлігінде салық салу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 қазандағы № 1379 Қаулысы
(2017.08.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 21 мамырдағы № 282 Қаулысымен 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап күші жойылды
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 307-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса беріліп отырған Пайдалы қазбалардың кең таралғандарын қоспағанда, қатты түрлерінің кен орнын (кен орындарының бір тобын, кен орнының бір бөлігін) рентабельділігі төмен санатқа жатқызу және пайдалы қазбаларды өндіруге арналған салық бөлігінде салық салу қағидалары бекітілсін.
2. «Пайдалы қазбалардың кең таралғандарын қоспағанда, қатты түрлерінің кен орнын игеруді көздейтін жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартты рентабельділігі төмен санатқа жатқызу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 8 сәуірдегі № 492 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 18, 162-құжат) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
С. Ахметов |
Үкіметінің
2012 жылғы 31 қазандағы
№ 1379 қаулысымен
бекітілген
Пайдалы қазбалардың кең таралғандарын қоспағанда, қатты түрлерінің кен орнын (кен орындарының бір тобын, кен орнының
бір бөлігін) рентабельділігі төмен санатқа жатқызу және пайдалы қазбаларды өндіруге арналған салық бөлігінде салық салу
қағидалары
1. Жалпы ережелер
Документ утратил силу
Демо – версия документа