«Халыққа қызмет көрсету орталықтары қызметкерлерінің құжаттардың электрондық көшірмелерін растауы қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 1 қарашадағы № 1393 Қаулысы (күші жойылды)
Халыққа қызмет көрсету орталықтары қызметкерлерінің құжаттардың электрондық көшірмелерін растауы қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 1 қарашадағы № 1393 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 3 желтоқсандағы № 1272 Қаулысымен күші жойылды
«Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 6-бабының 9-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Қоса беріліп отырған Халыққа қызмет көрсету орталықтары қызметкерлерінің құжаттардың электрондық көшірмелерін растауы қағидалары бекітілсін.
Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
С. Ахметов |
Үкіметінің
2012 жылғы 1 қарашадағы
№ 1393 қаулысымен
бекітілген
Халыққа қызмет көрсету орталықтары қызметкерлерінің құжаттардың электрондық көшірмелерін растауы
қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Халыққа қызмет көрсету орталықтары қызметкерлерінің құжаттардың электрондық көшірмелерін растауы қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 6-бабының 9-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - ХҚКО) қызметкерлерінің құжаттардың электрондық көшірмелерін растауы тәртібін айқындайды.
Документ утратил силу
Демо – версия документа