(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2009.15.12 № 2121 ҚАУЛЫСЫМЕН БЕКІТІЛГЕН
Осы редакция 2012 жылғы 6 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2011.28.05. № 596 Қаулысымен мемлекеттік қызмет стандартымен толықтырылды
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 2121 қаулысымен
бекітілген
«Заңды тұлғалар» мемлекеттік деректер қорынан анықтама беру»
мемлекеттік қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік қызметті аумақтық әділет органдары (бұдан әрі-уәкілетті орган) мекенжайлары осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген Халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі-Орталық) арқылы көрсетеді.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: ішінара автоматтандырылған.
3. Мемлекеттік қызмет «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 2-бабының негізінде жүзеге асырылады.
4. «Заңды тұлғалар» мемлекеттік деректер қорынан анықтама беру» мемлекеттік қызмет стандарты (бұдан әрі - стандарт) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында: www.minjust.kz «Ақпарат мәліметтер» бөлімінде бұдан әрі «Заңды тұлғаларды (филиалдары мен өкілдіктерді) мемлекеттік тіркеу» бөлімінде орналастырылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында www.minjust.kz және тізбесі осы стандарттың 1-қосымшасын көрсетілген Орталықтардың үй-жайларындағы стенділерде орналастырылады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі қағаз немесе электронды тасымалдағыштарда:
1) тіркелген заңды тұлға, филиал немесе өкілдік туралы;
2) заңды тұлғаның филиалдары мен өкілдіктерінің бар болуы туралы;
3) заңды тұлғаның басқа заңды тұлғаларға қатысуы туралы;
4) жеке тұлғаның заңды тұлғаларда, филиалдар мен өкілдіктерде қатысуы туралы анықтама беру болып табылады.
6. Мемлекеттік қызмет барлық жеке және заңды тұлғаларға, филиалдар мен өкілдіктерге (бұдан әрі-тұтынушылар) көрсетіледі.
Редакция документа
Демо – версия документа