(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2009.15.12 № 2121 ҚАУЛЫСЫМЕН БЕКІТІЛГЕН
Осы редакция 2012 жылғы 6 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 2121 қаулысымен
бекітілген
ҚР Үкіметінің 2011.28.05. № 596 Қаулысымен мемлекеттік қызмет стандарты жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Қазақстан Республикасының әділет органдарынан және өзге де мемлекеттік органдарынан,
сондай-ақ нотариустерден шығатын ресми құжаттарға апостиль қою»
мемлекеттік қызмет стандарты
(2011.28.05. берілген өзгерістермен)
1. Жалпы ережелер
1. «Қазақстан Республикасының әділет органдарынан және өзге де мемлекеттік органдарынан, сондай-ақ нотариустерден шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» туралы мемлекеттік қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті (бұдан әрі - Комитет), мекенжайлары осы стандартқа 1 және 2-қосымшаларда көрсетілген облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әділет департаменттері (бұдан әрі - уәкілетті органдар), сондай-ақ халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - Орталық) арқылы баламалы негізде көрсетеді.
Комитеттің заңды мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Орынбор көшесі, 8-үй, № 13-кіреберіс,
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: ішінара автоматтандырылған.
3. Мемлекеттік қызмет «Қазақстан Республикасының Шетелдік ресми құжаттарды заңдастыру талаптарын жоятын конвенцияға қосылуы туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 30 желтоқсандағы Заңы, «Шетелдік ресми құжаттарды заңдастыруды талап етудің күшін жоятын конвенция (Гаага, 1961 жылғы 5 қазан) ережелерін іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 24 сәуірдегі № 545 қаулысы негізінде жүзеге асырылады.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету стандарты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында (электрондық мекенжайы www.minjust.kz), сондай-ақ ресми ақпарат көздерінде және тізбесі осы стандартқа 1 және 2-қосымшаларда көрсетілген әділет департаменттері мен орталықтардың үй-жайларындағы стенділерде орналастырылған.
Редакция документа
Демо – версия документа