(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2009.15.12 № 2121 ҚАУЛЫСЫМЕН БЕКІТІЛГЕН
Осы редакция 2012 жылғы 6 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 2121 қаулысымен
бекітілген
ҚР Үкіметінің 2011.28.05. № 596 Қаулысымен мемлекеттік қызмет стандарты жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Жылжымайтын мүлік объектілерінің техникалық паспортын беру»
мемлекеттік қызмет стандарты
(2011.28.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1. Жалпы ережелер
1. «Жылжымайтын мүлік объектілерінің техникалық паспортын беру» мемлекеттік қызметін мекенжайлары осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген «Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жылжымайтын мүлік орталықтары» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындары және олардың филиалдары (бұдан әрі - уәкілетті орган), сондай-ақ мекенжайлары осы стандартқа 2-қосымшада көрсетілген Халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - Орталық) арқылы балама негізде көрсетеді.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: ішінара автоматтандырылған.
3. «Жылжымайтын мүлік объектілерінің техникалық паспортын беру» мемлекеттік қызметі (бұдан әрі - стандарт) «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабы негізінде көрсетіледі.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында: www.minjust.kz, сондай-ақ ресми ақпарат көздерінде және осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес Орталықтардың үй-жайларындағы стенділерде орналастырылады.
5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің аяқталу нәтижесі жылжымайтын мүлік объектісінің техникалық паспортын (қағаз тасымалдағышта) немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы жазбаша дәлелді хабарламаны беру болып табылады.
6. Мемлекеттік қызмет заңды және жеке тұлғаларға (бұдан әрі - тұтынушылар) көрсетіледі.
7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
1) құжаттарды тапсырған кезде кезек күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты (мемлекеттік қызметті алу үшін өтініш беру) 30 минуттан аспайды.
мемлекеттік қызметті алу үшін электрондық сұрау көзделмеген;
Редакция документа
Демо – версия документа