(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2009.15.12 № 2121 ҚАУЛЫСЫМЕН БЕКІТІЛГЕН
Осы редакция 2012 жылғы 6 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 2121 қаулысымен
бекітілген
ҚР Үкіметінің 2011.28.05. № 596 Қаулысымен мемлекеттік қызмет стандарты жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүліктің кепілі жөнінде ақпарат беру»
мемлекеттік қызмет стандарты
(2011.28.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1. Жалпы ережелер
1. «Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүліктің кепілі жөнінде ақпарат беру» мемлекеттік қызметін «Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жылжымайтын мүлік орталықтары» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындары және олардың филиалдары (бұдан әрі - уәкілетті орган) мекенжайлары осы стандартқа 1 және 2-қосымшаларда көрсетілген Халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - Орталық) арқылы көрсетеді.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: ішінара автоматтандырылған.
3. «Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүліктің кепілі жөнінде ақпарат беру» мемлекеттік қызметі (бұдан әрі - стандарт) «Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабы негізінде жүзеге асырылады.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында: www.minjust.kz, сондай-ақ ресми ақпарат көздерінде және осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес Орталықтардың үй-жайларындағы стенділерде орналастырылады.
5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің аяқталу нәтижесі жылжымалы мүлік кепілін тіркеу тізілімінен үзінді (қағаз тасымалдағышта) немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы жазбаша дәлелді хабарламаны беру болып табылады.
6. Мемлекеттік қызмет заңды және жеке тұлғаларға (бұдан әрі - тұтынушылар) көрсетіледі.
7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
1) құжаттарды тапсырған кезде кезек күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты (мемлекеттік қызметті алу үшін өтініш беру) 30 минуттан аспайды.
мемлекеттік қызмет алу үшін электронды сұрау салулар қарастырылмаған;
Редакция документа
Демо – версия документа