Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2009.15.12 № 2121 ҚАУЛЫСЫМЕН БЕКІТІЛГЕН

Осы редакция 2012 жылғы 6 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2009 жылғы 15 желтоқсандағы

№ 2121 қаулысымен

бекітілген

 

ҚР Үкіметінің 2011.28.05. № 596 Қаулысымен мемлекеттік қызмет стандарты жаңа редакцияда  (бұр.ред.қара)

«Жылжымайтын мүлік объектілері жоспарын (схемасын) қоса алғанда, тіркеу органы куәландырған
тіркеу ісі құжаттарының көшірмелерін беру»
мемлекеттік қызмет стандарты

(2011.28.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. «Жылжымайтын мүлік объектілері жоспарын (схемасын) қоса алғанда, тіркеу органы куәландырған тіркеу ісі құжаттарының көшірмелерін беру» мемлекеттік қызметін аумақтық әділет органдары бұдан әрі - уәкілетті орган) мекенжайлары осы стандартқа 1 және 2-қосымшаларда көрсетілген Халыққа қызмет көрсету орталықтары (одан әрі - Орталық) арқылы көрсетеді.

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: ішінара автоматтандырылған.

3. «Жылжымайтын мүлік объектілері жоспарын (схемасын) қоса алғанда, тіркеу органы куәландырған тіркеу ісі құжаттарының көшірмелерін беру» мемлекеттік қызметі «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабы негізінде жүзеге асырылады.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында: www.minjust.kz, сондай-ақ ресми ақпарат көздерінде және осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес Орталықтардың үй-жайларындағы стенділерде орнатылады.

5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің аяқталу нысаны жылжымайтын объектілер жоспарын (схемасын) қоса алғанда, тіркеу органы куәландырған тіркеу ісі құжаттарының көшірмелерін немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы жазбаша дәлелді хабарламасын беру болып табылады.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку