«Экспорттық бақылауға жататын өнімнің транзитіне рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 тамыздағы № 1130 қаулысымен бекітілген) (2013.10.07. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)
ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 26 ақпандағы № 155 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 31 тамыздағы
№ 1130 қаулысымен
бекітілген
«Экспорттық бақылауға жататын өнімнің транзитіне рұқсат беру»
мемлекеттік қызмет стандарты
(2013.10.07. берілген өзгерістермен)
1. Экспорттық бақылауға жататын өнімнің транзитіне рұқсат беруді (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Өнеркәсіп комитеті (бұдан әрі - Комитет) жүзеге асырады.
Мемлекеттік қызмет мына мекенжай бойынша көрсетіледі: Астана қаласы, Есіл ауданы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты, 1 қабат, № 1 кіру, тел: 8 (7172) 29-90-73, 24-14-07, факс: 24-47-94.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.
3. Мемлекеттік қызмет «Экспорттық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңының 6-бабының 9) тармақшасының, «Өнімнің транзитіне рұқсат беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 ақпандағы № 130 қаулысының негізінде көрсетіледі.
4. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен қажетті құжаттар, сондай-ақ олардың үлгілері туралы толық ақпарат Комитеттің интернет-ресурсында: www.comprom.kz орналасқан.
5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі - өнімнің транзитіне рұқсат беру не қызмет көрсетуден дәлелді бас тартуды қағаз жеткізгіште беру болып табылады.
6. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - алушыларға) көрсетіледі.
7. Мемлекеттік қызметті көрсету осы стандарттың 11-тармағында айқындалған қажетті құжаттарды алушы тапсырған күнінен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірілмей жүзеге асырылады.
Қағаз жеткізгіштегі құжаттарды тапсыру кезінде кезек күтудің рұқсат берілген ең көп уақыты - 20 минуттан аспайды.
Жүгінген күні алушыға қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең көп уақыты - 20 минуттан аспайды.
Документ утратил силу
Демо – версия документа