(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2010.07.06 № 520 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасының кедендік баж ставкалары туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 7 маусымдағы № 520 Қаулысы
(2011.31.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2012 жылғы 15 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының тауарлардың жекелеген түрлеріне кедендік әкету баждарының ставкалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының тауарлардың жекелеген түрлеріне кедендік әкету баждарының ставкаларына қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімдеріне сәйкес уақытша негізде қолданылатын кедендік әкету баждарының ставкалары белгіленсін.
3. Кедендік баждарды өзгерту және бекіту сыртқы сауда тиімділігінің көрсеткіштеріне, әлемдік нарықтың конъюнктурасына байланысты және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық келісімдерге сәйкес жүргізіледі деп белгіленсін.
Кедендік баждардың ставкаларын қайта қарауға арналған өтінімдер осы қаулыға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес белгіленген нысандар бойынша Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігіне жіберіледі.
4. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі екі апта мерзімде Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Интеграциялық комитетінің Хатшылығына Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайтын сыртқы сауда қызметін реттеу шаралары туралы хабарласын.
5. Осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
6. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін отыз күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
ҚР Үкіметінің 2011.31.12. № 1739 Қаулысымен ставка өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 7 маусымдағы
№ 520 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының тауарлардың жекелеген түрлеріне
кедендік әкету баждарының ставкалары
Редакция документа
Демо – версия документа