(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «МҰРАҒАТТЫҚ АНЫҚТАМАЛАР БЕРУ» МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ...
ҚР Үкіметінің 2011.22.07. № 842 Қаулысымен мемлекеттік қызмет стандарты жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 2315 қаулысымен
бекітілген
Осы редакция 2012 жылғы 9 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Мұрағаттық анықтамалар беру»
мемлекеттік қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік қызмет Астана қаласы, Есіл ауданы, Орынбор көшесі, 8-үй, 14-кіреберіс, 215-кабинет мекенжайында орналасқан Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитеті (бұдан әрі - Комитет), тізбесі осы стандарттың 1, 2 және 3-қосымшаларында көрсетілген тізім бойынша облыстардың Астана, Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары (әрі қарай - ЖАО), «Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағаты» мемлекеттік мекемесі, Орталық мемлекеттік мұрағаттар, облыстардың, қалалардың, аудандардың мемлекеттік мұрағаттары және оның филиалдары (бұдан әрі - Мұрағат), баламалы негізде халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - Орталық) арқылы, сондай-ақ «электронды үкімет» порталы: www.egov.kz (бұдан әрі - портал) арқылы көрсетіледі.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны ішінара автоматтандырылған.
3. Мемлекеттік қызмет «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 22 желтоқсандағы Заңының 15-бабы 5-тармағының негізінде көрсетіледі.
4. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен оған қажетті құжаттар туралы толық ақпарат электронды Үкімет порталында: www.egov.kz, Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің (бұдан әрі - ҚР БАМ) интернет-ресурсында: www.mсі.gov.kz, ресми ақпарат көздерінде, тізбесі осы стандарттың 1, 2 және 3-қосымшаларында көрсетілген мемлекеттік қызмет көрсету орындарындағы ақпараттық тақталар мен стенділерде орналастырылады.
5. Мемлекеттік қызметтің аяқталу түрі мұрағаттық анықтаманы беру не қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.
Редакция документа
Демо – версия документа