«Аудан орталықтарынан шалғайдағы елді мекендерде фармацевтикалық білімі бар маман болмаған жағдайда дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды бастапқы медициналық-санитариялық, консультациялық- диагностикалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарындағы дәріхана пункттері арқылы және жылжымалы дәріхана пункттері арқылы өткізуді іске асыру үшін медициналық білімі бар мамандарды аттестаттау» мемлекеттік қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 8 қазандағы № 1262 қаулысымен бекітілген) (күші жойылды)
ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 142 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 8 қазандағы
№ 1262 қаулысымен
бекітілген
«Аудан орталықтарынан шалғайдағы елді мекендерде фармацевтикалық білімі бар маман болмаған жағдайда дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды бастапқы медициналық-санитариялық, консультациялық- диагностикалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарындағы дәріхана пункттері арқылы және жылжымалы дәріхана пункттері арқылы өткізуді іске асыру үшін медициналық білімі бар мамандарды аттестаттау»
мемлекеттік қызмет стандарты
«Аудан орталықтарынан шалғайдағы елді мекендерде фармацевтикалық білімі бар маман болмаған жағдайда дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды бастапқы медициналық-санитариялық, консультациялық-диагностикалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарындағы дәріхана пункттері арқылы және жылжымалы дәріхана пункттері арқылы өткізуді іске асыру үшін медициналық білімі бар мамандарды аттестаттау» мемлекеттік қызмет регламентін қараңыз
1. Мемлекеттік қызметті мекенжайлары мен жұмыс кестелері осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің (бұдан әрі - уәкілетті орган) аумақтық бөлімшелері көрсетеді.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны - автоматтандырылмаған.
3. Мемлекеттік қызмет «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодексінің 45 және 46-баптарының негізінде көрсетіледі.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің www.mz.gov.kz интернет-ресурсында, ресми ақпарат көздерінде, уәкілетті органның үй-жайларында орналасқан стенділерде, ақпараттық тақталарда орналастырылады.
5. Мемлекеттік көрсету нәтижесі анықтама (аттестаттық парақ) немесе бас тарту себептері көрсетілген жазбаша түрдегі уәжделген жауап беруі болып табылады.
Документ утратил силу
Демо – версия документа