(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР БАС ПРОКУРОРЫНЫҢ 2011.29.04 № 39 БҰЙРЫҒЫ
Мемлекеттік қызметтен жағымсыз себептермен босатылған адамдарды арнайы есепке алу ісін жүргізу және пайдалану
Ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2011 жылғы 29 сәуірдегі № 39 Бұйрығы
Осы редакция 2012 жылғы 4 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының қейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау қызметі және сыныптық шендер, әскери және арнайы атақтар беру, әскери қызметшілердің және өзге де мемлекеттік органдар қызметкерлерінің нысанды киім киіп жүру құқығы мәселесі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы № 379-4-IV және «Қазақстан Республикасының қейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 29 желтоқсандарғы № 371-4-IV заңдардың қабылдануына байланысты, Қазақстан Республикасының «Прокуратура туралы» Заңының 11-бабының 4-1) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
1. Мемлекеттік қызметтен жағымсыз себептермен босатылған адамдарды арнайы есепке алу ісін жүргізу және пайдалану туралы қоса берілген Ереже бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі - Комитет):
1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеу үшін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жолдасын.
2) құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектілеріне, Комитеттің аумақтық басқармаларына орындау үшін жолдасын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет Төрағасына жүктелсін.
4. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енеді.
Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры |
А. Дауылбаев |
Бас Прокурорының 2011 жылғы
29 сәуірдегі № 39 бұйрығымен
бекітілді
Мемлекеттік қызметтен жағымсыз себептермен босатылған адамдарды арнайы есепке алу ісін жүргізу және пайдалану
ережесі
1. Жалпы ережелер
Редакция документа
Демо – версия документа