Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Кемелер экипаждарының ең аз құрамы туралы куәлік беру» мемлекеттік қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 5 қыркүйектегі № 1153 қаулысымен бекітілген) (2013.26.08. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)

ҚР Үкіметінің 2014.12.03. № 229 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2012 жылғы 5 қыркүйектегі

№ 1153 қаулысымен

бекітілген

 

 

«Кемелер экипаждарының ең аз құрамы туралы куәлік беру»
мемлекеттік қызмет стандарты

(2013.26.08. берілген өзгерістермен)

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. «Кемелер экипаждарының ең аз құрамы туралы куәлік беру туралы» мемлекеттік қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің аумақтық органдары (бұдан әрі - уәкілетті орган) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - ХҚО) арқылы осы Стандартқа 1 және 2-қосымшаларында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетеді.

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.

3. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Кемелер экипаждарының ең аз құрамына қойылатын талаптарды белгілеу туралы» 2011 жылғы 20 маусымдағы № 677 және «Ішкі су көлігіндегі кеме құжаттарының нысандарын, оларды беру және жүргізу қағидасын бекіту туралы» 2011 жылғы 8 шілдедегі № 781 қаулыларына сәйкес жүзеге асырылады.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат:

1) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында: www.mtс.gov.kz  («Көліктік бақылау комитеті» бөлімінің «Мемлекеттік қызметтер» бөлімшесінде);

2) ХҚО интернет-ресурсында: www.con.gov.kz;

3) ХҚО ғимараттарында орнатылған стенділерде;

4) «электрондық үкімет» 1414 call-орталығында орналастырылған.

5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі кеме экипаждарының ең аз құрамы туралы куәлікті (бұдан әрі - куәлік) беру немесе мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауапты қағаз тасығышта беру болып табылады.

6. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - мемлекеттік қызметті алушы) көрсетіледі.

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку

Сравнение редакции