«Жүк көлік құралдарын өлшеудің халықаралық сертификатын беру» мемлекеттік қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 5 қыркүйектегі № 1153 қаулысымен бекітілген) (2013.26.08. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)
ҚР Үкіметінің 2014.26.03. № 265 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 5 қыркүйектегі
№ 1153 қаулысымен
бекітілген
«Жүк көлік құралдарын өлшеудің халықаралық сертификатын беру»
мемлекеттік қызмет стандарты
(2013.26.08. берілген өзгерістермен)
1. Жалпы ережелер
1. «Жүк көлік құралдарын өлшеудің халықаралық сертификатын беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) осы Стандартқа 1-қосымшада көрсетілген, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің аумақтық органдары Қазақстан Республикасы аумағы бойынша стационарлық көліктік бақылау бекеттерінде (бұдан әрі - аумақтық орган) көрсетіледі.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.
3. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі «Автомобиль көлігі туралы» Заңының 13-бабының 14) тармақшасына және «Қазақстан Республикасының аумағында жүк көлік құралдарын өлшеудің халықаралық сертификатын пайдалану қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 23 ақпандағы № 87 бұйрығының негізінде жүзеге асырылады.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат:
1) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында: www.mtс.gov.kz («Көліктік бақылау комитеті» бөлімінің «Мемлекеттік қызметтер» бөлімшесінде);
2) осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген уәкілетті органның стендтерінде;
3) «электрондық үкімет» 1414 call-орталығында орналастырылған.
5. Мемлекеттік қызметті аяқтау нысаны жүк көлік құралдарын өлшеу халықаралық сертификатын (бұдан әрі - сертификат) қағаз тасымалдағышта беру болып табылады.
6. Мемлекеттік қызмет жеке кәсіпкерлерге және заңды тұлғаларға көрсетіледі (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет алушылар).
Документ утратил силу
Демо – версия документа