(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2012.15.05 № 622 ҚАУЛЫСЫ
Кәмелетке толмаған балаларды асырап-бағуға алимент ұсталатын жалақының және (немесе) өзге де кіріс түрлерінің тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 15 мамырдағы № 622 Қаулысы
Осы редакция 2012 жылғы 14 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Кодексінің 140-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған кәмелетке толмаған балаларды асырап-бағуға алимент ұсталатын жалақының және (немесе) өзге де кіріс түрлерінің тізбесі бекітілсін.
2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Yкіметінің
2012 жылғы 15 мамырдағы
№ 622 қаулысымен
бекітілген
Кәмелетке толмаған балаларды асырап-бағуға алимент ұсталатын жалақының және (немесе) өзге де кіріс түрлерінің
тізбесі
1. Кәмелетке толмаған балаларды асырап-бағуға алимент ұстау осы тізбенің 2-тармағында көрсетілген адамдардың кірістерін қоспағанда, ата-анасы алатын ақшалай (ұлттық және (немесе) шетелдік валютада) жалақының (ақшалай сыйақы) және өзге де кірістің барлық түрінен, оның ішінде:
1) қызметкерлерге нақты жұмыс істеген уақыты үшін немесе орындалған жұмыс үшін еңбекке ақы төлеу жүйесінде көзделген белгіленген лауазымдық жалақыларды (ставкаларды) негізге ала отырып есептелген жалақыдан;
2) еңбекке ақы төлеу жүйесінде көзделген қосымшаақылар мен үстемеақылардың барлық түрінен, сондай-ақ еңбекке ақы төлеу қоры шегінде қаражатты немесе тиісті мекемені ұстауға көзделген қаражатты үнемдеу есебінен алынатын үстемеақылардан;
3) еңбекке ақы төлеу жүйесінде көзделген сыйлықтардан (сыйақылардан), сондай-ақ материалдық көтермелеудің өзге де нысандарынан;
Редакция документа
Демо – версия документа