«Көмірсутегі шикізаты бөлігінде жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарды тіркеу» мемлекеттік қызметтің стандарты» (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1127 қаулысымен бекітілген) (күші жойылды)
ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 4 ақпандағы № 50 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 31 тамыздағы
№ 1127 қаулысымен
бекітілген
«Көмірсутегі шикізаты бөлігінде жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарды тіркеу»
мемлекеттік қызметтің стандарты
1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) мына мекенжай: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 19, А блогы, А 0503 кабинетінде көрсетеді.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: автоматтандырылмаған.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңының (бұдан әрі - Заң) 17 және 68-баптарына сәйкес жүзеге асырылады.
4. Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат Министрліктің www.mgm.gov.kz ресми интернет-ресурсындағы «Жер қойнауын пайдалану» бөлімінде орналастырылады.
5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі қағаз тасығыштағы жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге арналған келісімшартты тіркеу актісі немесе қағаз тасығыштағы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.
6. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - мемлекеттік қызметті алушылар) көрсетіледі.
7. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
1) мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі мемлекеттік қызметті алушы осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды тапсырған күнінен бастап бес күннен аспайды;
2) қажетті құжаттарды тапсырған кезде рұқсат берілген кезек күтудің ең ұзақ уақыты 30 минуттан аспайды;
3) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге арналған келісімшартты тіркеу актісін алған кезде рұқсат берілген кезек күтудің ең ұзақ уақыты 30 минуттан аспайды.
8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
9. Жұмыс кестесі: еңбек заңнамасына сәйкес белгіленген демалыс және мерекелік күндерінен басқа, күн сайын, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін көрсетіледі, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.
Документ утратил силу
Демо – версия документа