«Ұйымдарды өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында жұмыстар жүргізу құқығына аттестаттау» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 22 тамыздағы № 1068 қаулысымен бекітілген) (2013.19.04. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)
ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 30 мамырдағы № 586 Қаулысымен 2014 жылғы 1 қыркүйектен бастап күші жойылды
ҚР Үкіметінің 2013.19.04. № 378 Қаулысымен мемлекеттік қызмет стандарты жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 22 тамыздағы
№ 1068 қаулысымен
бекітілген
«Ұйымдарды өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында жұмыстар жүргізу құқығына аттестаттау»
мемлекеттік қызмет көрсету стандарты
1. «Ұйымдарды өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында жұмыстар жүргізу құқығына аттестаттау» мемлекеттік қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8-үй, «Министрліктер үйі» ғимараты, № 2 кіреберіс, 7-қабат, № 701-кабинет мекенжайы бойынша орналасқан Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитеті (бұдан әрі - Комитет), мекенжайлары осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген Халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - Орталықтар), www.e.gov.kz «электронды үкімет» порталы немесе www.elicense.kz «Е-лицензиялау» веб-порталы (бұдан әрі - Портал) арқылы көрсетеді.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: ішінара автоматтандырылған.
3. Мемлекеттік қызмет «Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы» 2002 жылғы 3 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 14-13-бабы, «Ақпараттандыру туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабы негізінде жүзеге асырылады.
4. Мемлекеттік қызметті көрсету туралы толық ақпарат:
1) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) интернет-ресурсында (электрондық мекенжайы: www.emer.kz, «Рұқсат беру рәсімдері» бөлімі, «Мемлекеттік қызметтер» кіші бөлімі);
Документ утратил силу
Демо – версия документа