«2030 жылға дейінгі Қазақстан Республикасын әлеуметтік дамытудың жалпыұлттық тұжырымдамасын, Әлеуметтік жаңғыртудың 2016 жылға дейінгі кезеңге арналған жалпыұлттық жоспарын әзірлеу, ең төменгі әлеуметтік стандарттар мен кепілдіктерді енгізу және әлеуметтік саладағы ұлттық заңнаманы түгендеу жөнінде ұсыныстар әзірлеу үшін жұмыс тобы мен кіші топтар құру туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2012 жылғы 15 тамыздағы № 152-ө Өкімi (2013.17.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
2030 жылға дейінгі Қазақстан Республикасын әлеуметтік дамытудың жалпыұлттық тұжырымдамасын, Әлеуметтік жаңғыртудың 2016 жылға дейінгі кезеңге арналған жалпыұлттық жоспарын әзірлеу, ең төменгі әлеуметтік стандарттар мен кепілдіктерді енгізу және әлеуметтік саладағы ұлттық заңнаманы түгендеу жөнінде ұсыныстар әзірлеу үшін жұмыс тобы мен кіші топтар құру туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2012 жылғы 15 тамыздағы № 152-ө Өкімi
(2013.17.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1. 2030 жылға дейінгі Қазақстан Республикасын әлеуметтік дамытудың жалпыұлттық тұжырымдамасын, Әлеуметтік жаңғыртудың 2016 жылға дейінгі кезеңге арналған жалпыұлттық жоспарын әзірлеу, ең төменгі әлеуметтік стандарттар мен кепілдіктерді енгізу және әлеуметтік саладағы ұлттық заңнамаларды түгендеу жөнінде ұсыныстар әзірлеу мақсатында:
1) осы өкімнің 1-қосымшасына сәйкес құрамда жұмыс тобы;
2) осы өкімнің 2-қосымшасына сәйкес құрамда кіші топтар құрылсын.
2. Жұмыс тобы Мемлекет басшысының «Қазақстанды әлеуметтік жаңғырту: жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай жиырма қадам» атты мақаласында берілген тапсырмаларын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында белгіленген мерзімдерде 2030 жылға дейінгі Қазақстан Республикасын әлеуметтік дамытудың жалпыұлттық тұжырымдамасының, Әлеуметтік жаңғыртудың 2016 жылға дейінгі кезеңге арналған жалпыұлттық жоспарының, Әлеуметтік саладағы ұлттық заңнаманы реформалау тұжырымдамасының жобаларын, сондай-ақ ең төменгі әлеуметтік стандарттар мен кепілдіктерді енгізу жөніндегі ұсыныстарды Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін.
Премьер-Министр | К. Мәсімов |
ҚР Үкіметінің 2013.17.06. № 607 Қаулысымен 1-қосымша өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2012 жылғы 15 тамыздағы
№ 152-ө өкіміне
1-қосымша
Демо – версия документа