(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ 2012.19.05 № 105-Ө ӨКІМІ
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 13 ақпандағы заңдарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2012 жылғы 19 мамырдағы № 105-ө Өкімі
Осы редакция 2012 жылғы 3 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 13 ақпандағы заңдарын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары:
1) тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін;
2) тиісті ведомстволық нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.
Премьер-Министр | К. Мәсімов |
Премьер-Министрінің
2012 жылғы 19 мамырдағы
№ 105-ө өкімімен
бекітілген
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 13 ақпандағы заңдарын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің
тізбесі
Р/с № | Нормативтік құқықтық актінің атауы | Акт нысаны | Жауапты мемлекеттік органдар | Орындау мерзімі |
Редакция документа
Демо – версия документа