(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2011.24.03 № 271 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 24 наурыздағы № 271 Қаулысы
Осы редакция 2012 жылғы 30 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2011 жылғы 24 наурыздағы
№ 271 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін
өзгерістер мен толықтырулар
1. «Сәйкестікті растау рәсімдері» техникалық регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 4 ақпандағы № 90 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 4, 48-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген «Сәйкестікті растау рәсімдері» техникалық регламентінде:
бүкіл мәтін бойынша:
«жеткізушіде (дайындаушыда, сатушыда)», «жеткізушінің (дайындаушының, сатушының)», «жеткізуші (дайындаушы, сатушы)» деген сөздер тиісінше «дайындаушыда (орындаушыда)», «дайындаушының (орындаушының)», «дайындаушы (орындаушы)» деген сөздермен ауыстырылсын;
«түзеу іс-шараларын», «түзеу іс-шаралары» деген сөздер тиісінше «түзеу әрекеттерін», «түзеу әрекеттері» деген сөздермен ауыстырылсын;
«дайындаушы, сатушы» деген сөз «дайындаушы (орындаушы)» деген сөзбен ауыстырылсын;
1-тармақтағы «(бұдан әрі нормативтік құжаттар)» деген сөздер алынып тасталсын;
«басқа да нормативтік құжаттың» деген сөздер «басқа да нормативтік құжаттардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
«сынақтарды» деген сөз «сәйкестікті растау саласындағы жұмыстарды» деген сөздермен ауыстырылсын;
Редакция документа
Демо – версия документа