Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Жүргізушіге халықаралық және республикаішілік қатынаста қауіпті жүктерді автокөлік құралдарымен тасымалдауға рұқсат беру туралы куәлік беру» мемлекеттік қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 шілдедегі № 979 қаулысымен бекітілген) (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2012 жылғы 27 шілдедегі

№ 979 қаулысымен

бекітілген

 

ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 19 наурыздағы № 259 Қаулысымен күші жойылды

 

«Жүргізушіге халықаралық және республикаішілік қатынаста қауіпті жүктерді
автокөлік құралдарымен тасымалдауға рұқсат беру туралы куәлік беру»
 мемлекеттік қызмет стандарты

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. «Жүргізушіге халықаралық және республикаішілік қатынаста қауіпті жүктерді автокөлік құралдарымен тасымалдауға рұқсат беру туралы куәлік беру» мемлекеттік қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру және мемлекеттік қызметті автоматтандыруды жөніндегі комитеттің «Халыққа қызмет көрсету орталықтары» Республикалық мемлекеттік кәсіпорны филиалдары (бұдан әрі - орталық) арқылы осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетеді.

Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.

3. Мемлекеттік қызмет «Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 13-бабының 19) тармақшасына сәйкес және «Автомобиль көлігімен қауіпті жүктерді тасымалдаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 12 наурыздағы № 316 қаулысымен бекітілген Қауіпті жүктерді тасымалдайтын автокөлік құралдарының жүргізушілеріне қойылатын біліктілік талаптары, Қазақстан Республикасы аумағы арқылы олардың өтуі, автокөлік құралдарымен қауіпті жүктерді тасымалдау ережелерінің 21-тармағына сәйкес көрсетіледі.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары туралы ақпарат:

1) уәкілетті органның интернет - ресурсының www.mtс.gov.kz.  мекенжайы бойынша, «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде;

2) орталықтың интернет - ресурсының www.con.gov.kz  мекенжайында;

3) ресми ақпарат көздерінде және осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес орталықтардың үй-жайларының стенділерінде орналастырылған.

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку