(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ 2012.27.01 № 14-Ө ӨКІМІ
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экологиялық мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 3 желтоқсандағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2012 жылғы 27 қаңтардағы № 14-ө Өкімі
(2012.04.04. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2012 жылғы 24 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экологиялық мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 3 желтоқсандағы Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі бекітілсін.
2. Мемлекеттік органдар:
1) тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;
2) тиісті ведомстволық нормативтік құқықтық актілерді қабылдасын және Қазақстан Республикасының Үкіметін қабылданған шаралар туралы хабардар етсін.
Премьер-Министр | К. Мәсімов |
ҚР Премьер-Министрінің 2012.04.04. № 63-ө Өкімімен тізбе өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2012 жылғы 27 қаңтардағы
№ 14-ө өкімімен
бекітілген
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экологиялық мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар
енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 3 желтоқсандағы Заңын іске асыру мақсатында
қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің
тізбесі
Р/с № | Нормативтік құқықтық актінің атауы | Аяқтау нысаны | Орындауға жауапты мемлекеттік органдар | Орындау мерзімі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1. | Парниктік газдарды түгендеу мониторингі мен оған бақылау жасау қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | Қоршағанортамині | 2012 жылғы сәуір |
Редакция документа
Демо – версия документа