(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 31.12.2008 № 1318 ҚАУЛЫСЫ
Салық салуда жеңілдігі бар мемлекеттердің тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1318 Қаулысы
(2010.01.09. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2012 жылғы 23 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) 224-бабы 4 және 5-тармақтарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған салық салуда жеңілдігі бар мемлекеттердің тізбесі бекітілсін.
2. «Салық салуда жеңілдігі бар шет мемлекеттердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 28 шілдедегі № 784 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 31, 418-құжат) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2008 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1318 қаулысымен
бекітілген
Салық салуда жеңілдігі бар мемлекеттердің тізбесі
1. Андорра Княздығы.
2. Антигуа және Барбуда Мемлекеті.
3. Багам аралдары Достастығы.
4. Барбадос Мемлекеті.
5. Бахрейн Корольдігі.
6. Белиз Мемлекеті.
7. Бруней Даруссалам Сұлтанаты.
8. Вануату Республикасы.
9. Гайана Кооператив Республикасы.
10. Гватемала Республикасы.
11. Гренада Мемлекеті.
12. Джибути Республикасы.
13. Доминика Республикасы.
14. Доминика Достастығы.
15. Ирландия Республикасы (Дублин, Шеннон қалаларының аумақтары белігінде ғана).
16. Испания Корольдігі (Канар аралдарының аумағы бөлігінде ғана).
17. Кипр Республикасы.
Редакция документа
Демо – версия документа