(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР 2003 Ж. 4 ШІЛДЕДЕГІ № 474-ІІ ЗАҢЫ
Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы
2003 жылғы 4 шілдедегі № 474-ІІ Қазақстан Республикасының Заңы
(2011.28.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2012 жылғы 5 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
2-тарау. Уәкілетті органның мәртебесі, міндеттері, функциялары және өкілеттіктері | |
Түпнұсқада мазмұны жоқ
Осы Заң қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу мен қадағалауды жүзеге асыруға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейдi және Қазақстан Республикасы қаржы жүйесiнiң тұрақтылығын арттыру мен қаржылық қызмет көрсетудi тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерiнiң бұзылуына жол бермеу жөнiнде жағдайлар жасауға бағытталған.
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) қаржылық қызмет көрсетудi тұтынушы - қаржылық ұйымның қызмет көрсетуiн пайдаланушы, сондай-ақ өз қаражаттарын қаржы құралдарына инвестициялайтын жеке немесе заңды тұлға;
2) қаржы рыногындағы кәсiби қызмет - қаржылық қызмет көрсету жөніндегі кәсiпкерлiк қызмет;
3) уәкiлеттi орган - қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
4) қаржылық ұйым - қаржылық қызмет көрсету жөніндегі кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлға;
5) қаржы рыногы - қаржылық қызмет көрсету мен тұтынуға, сондай-ақ қаржы құралдарының шығарылуына және айналысына байланысты қатынастардың жиынтығы;
07.07.04 ж. № 577-II ҚР Заңымен 6-тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред. қара); ҚР 2006.05.07. № 164-III (бұр.ред.қара) Заңымен 6) тармақша өзгертілді; 2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
Редакция документа
Демо – версия документа