Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 14 қаңтардағы № 14 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 маусымдағы № 891 Қаулысы (күші жойылды)

«Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 14 қаңтардағы № 14 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 маусымдағы № 891 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 8 ақпандағы № 109 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 14 қаңтардағы № 14 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 1, 7-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі туралы ережеде:

1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Агенттіктің заңды тұлғалар болып табылатын аумақтық жер инспекциялары болады.»;

15-тармақта:

1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«1) жер заңнамасын, сондай-ақ геодезия мен картография саласындағы заңнаманы қолдану практикасын қорыту және оларды жетілдіру;»;

3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«3) жер қатынастарын, геодезия мен картографияны реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу және Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізу;»;

мынадай мазмұндағы 6-1) және 6-2) тармақшалармен толықтырысын:

«6-1) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органдардың басшыларын тағайындау және қызметтен босату мәселелері бойынша облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдарымен өзара іс-қимыл жасау;

6-2) пайдаланылмайтын не Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылатын жерлерді анықтау және мемелекеттік меншікке қайтару мәселелері бойынша облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдарымен өзара іс-қимыл жасау;»;

19) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«19) әкімшілік-аумақтық бірліктер арасындағы шекараның өзгерістерін, сондай-ақ жергілікті жердің өзгерістерін және географиялық объектілердің атауларын көрсете отырып, кезекші анықтамалық карта жүргізу;»;

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку