(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) 29.06.01 Ж. № 217-II ҚР ЗАҢЫ
Интегралдық микросхемалар топологияларын құқықтық қорғау туралы
Қазақстан Республикасының 2001 ж. 29 маусымдағы № 217-II Заңы
(2012.12.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2012 жылғы 10 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1-бап. Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Осы Заңның мақсаттары үшiн мынадай ұғымдар пайдаланылады:
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
1) бюллетень - интегралдық микросхемалар топологияларын қорғау мәселелерi жөніндегі мерзiмдi ресми басылым;
2) интегралдық микросхема - электрондық схема қызметiн атқаруға арналған, түпкiлiктi немесе аралық нысандағы микроэлектронды бұйым, оның элементтерi мен байланыстары бұйым дайындалғанда негiзге алынған материалдың көлемiнде және (немесе) бетiнде бөлiнбейтiн етiп қалыптастырылады;
3) топологияға айрықша құқық - құқық иеленушiнiң топологияны өз қалауына қарай кез келген әдiспен пайдалануға мүліктік құқығы;
4) топологияны пайдалану - егер осы Заңда өзгеше көзделмесе, топологияны, осы топологиямен бiрге интегралдық микросхеманы немесе осындай интегралдық микросхеманы қамтитын бұйымды қолдану, әкелу, сатуға ұсыну, сату немесе азаматтық айналымға коммерциялық мақсаттарда жүзеге асырылатын өзгедей енгізу;
5) лицензиялық шарт - мұндай шарт бойынша құқық иеленушi (лицензиар) екiншi тарапқа (лицензиатқа) топологияны белгiлi бiр әдiспен уақытша пайдалануға құқық бередi;
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
6) сенiм бiлдiрiлген патенттi өкiлдер - заңдарға сәйкес уәкiлеттi орган алдында жеке және заңды тұлғалардың өкiлдiгiн жүргiзуге құқық берiлген Қазақстан Республикасының азаматтары;
7) құқық иеленушi - автор, оның мұрагерi, сондай-ақ заңға немесе шартқа байланысты алынған айрықша құқықты иеленушi кез келген жеке немесе заңды тұлға;
Редакция документа
Демо – версия документа