(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР 29.06.01 Ж. № 217-II ЗАҢЫ
Интегралдық микросхемалар топологияларын құқықтық қорғау туралы
Қазақстан Республикасының 2001 ж. 29 маусымдағы N 217-II
Заңы
Осы редакция 2004 жылғы 9 шілдедегі N 586-II Қазақстан Республикасының Заңымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1-бап. Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Осы Заңның мақсаттары үшiн мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) бюллетень - уәкiлеттi органның мерзiмдi ресми басылымы;
2) интегралдық микросхема - электрондық схема қызметiн атқаруға арналған, түпкiлiктi немесе аралық нысандағы микроэлектронды бұйым, оның элементтерi мен байланыстары бұйым дайындалғанда негiзге алынған материалдың көлемiнде және (немесе) бетiнде бөлiнбейтiн етiп қалыптастырылады;
3) топологияға айрықша құқық - құқық иеленушiнiң топологияны өз қалауына қарай кез келген әдiспен пайдалануға мүліктік құқығы;
4) топологияны пайдалану - егер осы Заңда өзгеше көзделмесе, топологияны, осы топологиямен бiрге интегралдық микросхеманы немесе осындай интегралдық микросхеманы қамтитын бұйымды қолдану, әкелу, сатуға ұсыну, сату немесе азаматтық айналымға коммерциялық мақсаттарда жүзеге асырылатын өзгедей енгiзу;
5) лицензиялық шарт - мұндай шарт бойынша құқық иеленушi (лицензиар) екiншi тарапқа (лицензиатқа) топологияны белгiлi бiр әдiспен уақытша пайдалануға құқық бередi;
6) сенiм бiлдiрiлген патенттi өкiлдер - заңдарға сәйкес уәкiлеттi орган алдында жеке және заңды тұлғалардың өкiлдiгiн жүргiзуге құқық берiлген азаматтар;
7) құқық иеленушi - автор, оның мұрагерi, сондай-ақ заңға немесе шартқа байланысты алынған айрықша құқықты иеленушi кез келген жеке немесе заңды тұлға;
8) интегралдық микросхема топологиясы (бұдан әрi - топология) интегралдық микросхеманың элементтерi мен олардың арасындағы байланыстар жиынтығының материалдық көзде тiркелген кеңiстiктiк-геометриялық орналасуы;
9) уәкiлеттi орган - топологияларды құқықтық қорғау саласында мемлекеттiк монополияны қамтамасыз ететiн мемлекеттiк орган.
2-бап. Осы Заңмен реттелетiн қатынастар
Демо – версия документа