(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР 30.06.98 Ж. № 254-1 ЗАҢЫ
Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы
1998 ж. 30 маусымдағы № 254-1 Қазақстан Республикасының Заңы
(2012.27.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2012 жылғы 10 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
3-тарау. Дауларды шешу және тiркеу тәртібінiң бұзылуы үшiн жауапкершiлiк | |
Түпнұсқада мазмұны жоқ
Осы Заң жылжымалы мүлiкке заңды құқықтары бар жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын жүзеге асыру және қорғау мақсатында осындай мүлiк кепiлiн тiркеу ережелерiн белгiлейдi.
1-бап. Осы Заңда қолданылатын негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар қолданылады:
жылжымалы мүлiк - көлiк құралдары, айналымдағы тауарлар, бағалы қағаздар, ақша, мүлiктiк құқықтар, соның iшiнде болашақтағы өнiм мен заң актілерімен жылжымайтын мүлiкке жатқызылмаған өзге де мүлiкке құқық;
жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу - жылжымалы мүлiк кепiлiнiң тiзiлiмiне кепiл талаптары бар (кепiлдi тiркеу туралы өтiнiш) шарттағы немесе өзге шарттағы мәлiметтердi енгізу жөнiнде жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу кезiнде туындайтын қатынастарға қатысушылардың iс-әрекеттерiнiң жиынтығын бiлдiретiн, тiркеушi органның жылжымалы мүлiк кепiлiн есепке алу рәсiмi, тiркеушi органдардың жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы куәлiк беруi мен осы Заңда және өзге де заң актілерінде белгiленген тәртiппен жасалатын өзге де iс-әрекеттерi;
тiркелген кепiл - осы Заңда белгiленген тәртiппен тiркелген жылжымалы мүлiк кепiлi;
өтiнiш берушi - тiркеушi органға кепiлдi тiркеу туралы өтiнiш беретiн адам; кепiл мiндеттемесi тараптарының келісімi бойынша кепiл берушi де, кепiл ұстаушы да өтiнiш берушi бола алады;
Редакция документа
Демо – версия документа