(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2001 Ж. 19 МАУСЫМДАҒЫ № 836 ҚАУЛЫСЫ
«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысы
(2012.30.03. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2012 жылғы 19 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
ҚР Үкіметінің 17.03.04 ж. № 322 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
1. Қоса беріліп отырған:
1) ҚР Үкіметінің 2012.13.01. № 45 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
ҚР Үкіметінің 2009.19.02 № 189 Қаулысымен 2) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2009.03.07 № 1026 Қаулысымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) Кәсіби даярлау, қайта даярлау және біліктілікті арттыру ережесі
ҚР Үкіметінің 2011.27.08. № 972 Қаулысымен 3) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
3) Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландырудың ережесі;
ҚР Үкіметінің 2011.27.08. № 972 Қаулысымен 4) тармақшамен толықтырылды
4) Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасы;
ҚР Үкіметінің 2011.27.08. № 972 Қаулысымен 5) тармақшамен толықтырылды
5) Жастар практикасын ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасы бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бір ай мерзімде Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган туралы үлгі ережені әзірлесін және бекітсін.
3. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері бір ай мерзімде:
1) қалалар мен аудандардағы жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдарды Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Интернет желісіндегі WEB-сайтына қосуды көздей отырып, Қазақстан Республикасы еңбек рыногының бірыңғай ақпараттық дерекқорын қалыптастыруды қамтамасыз етсін;
Редакция документа
Демо – версия документа