(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2001 Ж. 19 МАУСЫМДАҒЫ № 836 ҚАУЛЫСЫ
«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23
қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысы
(2009.19.02. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2009 жылғы 3 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
ҚР Үкіметінің 17.03.04 ж. № 322 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
1. Қоса беріліп отырған:
1) Қазақстан Республикасына шетелдiк жұмыс күшін тартуға квота белгiлеу ережесi, жұмыс берушiлерге рұқсат беру шарттары мен тәртібi;
ҚР Үкіметінің 2009.19.02 № 189 Қаулысымен 2) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
2) Табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандарды және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдарды, сондай-ақ жұмыссыздарды кәсіби даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру мен қаржыландырудың ережесі;
3) Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландырудың ережесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бір ай мерзімде Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган туралы үлгі ережені әзірлесін және бекітсін.
3. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері бір ай мерзімде:
1) қалалар мен аудандардағы жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдарды Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Интернет желісіндегі WEB-сайтына қосуды көздей отырып, Қазақстан Республикасы еңбек рыногының бірыңғай ақпараттық дерекқорын қалыптастыруды қамтамасыз етсін;
Редакция документа
Демо – версия документа