«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 15 қазандағы № 1328 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 маусымдағы № 880 Қаулысы (күші жойылды)
«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 15 қазандағы № 1328 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 маусымдағы № 880 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 20 қарашадағы № 759 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 15 қазандағы № 1328 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 35, 462-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) көрсетілген қаулымен бекітілген қабылдау комиссиясының өкілеттіктері, міндеттері, міндетті құрамы осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қабылдау және жұмыс комиссияларының объектілерді қабылдау қағидалары осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
3) көрсетілген қаулымен бекітілген жұмыс комиссиясы қорытындысының нысанында:
«мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау органдары ___________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы)»
деген сегізінші абзац алынып тасталсын;
он төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«объектінің бейініне (мақсатына) қарай басқа да мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері»;
8 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Объектінің мынадай көрсеткіштері бар: _______________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________________________________________________
(қуаты, өнімділігі, өндірістік алаңы, ұзындығы, сыйымдылығы және т.б.)
9. Объект бойынша технологиялық және сәулет-құрылыс шешімдері мынадай деректермен сипатталады:
___________________________________________________________________________________________________________________
Документ утратил силу
Демо – версия документа