Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Мемлекеттік орман кадастрын жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 26 маусымдағы № 853 Қаулысы (күші жойылды)

Мемлекеттік орман кадастрын жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 26 маусымдағы № 853 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 31 қазандағы № 870 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 12-бабының 17-12) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік орман кадастрын жүргізу қағидалары бекітілсін.

2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

1) «Мемлекеттік орман кадастры мен ормандардың мемлекеттік мониторингін жүргізу ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 17 ақпандағы № 188 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 2004 ж., № 8, 105-құжат);

2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 қыркүйектегі № 1002 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырудың 5-тармағы (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 2011 ж., № 53, 746-құжат).

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2012 жылғы 26 маусымдағы

№ 853 қаулысымен

бекітілген

 

 

Мемлекеттік орман кадастрын жүргізу

қағидалары

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Мемлекеттік орман кадастрын жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексіне сәйкес әзірленді және мемлекеттік орман кадастрын жүргізу тәртібін белгілейді.

2. Мемлекеттік орман кадастры Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстарының мемлекеттік кадастрлары бірыңғай жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады және оны осы Қағидаларға сәйкес мемлекеттік орман орналастыру ұйымы бірыңғай жүйе бойынша жүргізеді.

3. Мемлекеттік орман кадастры мемлекеттік жер кадастрымен өзара байланысты. Мемлекеттік орман кадастрын жүргізу үшін қажетті орман қорының жер учаскелері туралы мәліметтер мемлекеттік жер кадастрынан алынады.

 

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку