(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2008.24.10 № 980 ҚАУЛЫСЫ
«Зерде» ұлттық инфокоммуникациялық холдингі» акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің құрамы туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 қазандағы № 980 Қаулысы
(2011.23.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2012 жылғы 25 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Арна Медиа» ұлттық ақпараттық холдингі», «Парасат» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі», «Зерде» ұлттық инфокоммуникациялық холдингі» акционерлік қоғамдарын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 3 шілдедегі № 668 қаулысын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
ҚР Үкіметінің 2010.20.07. № 743 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі:
1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен қосымшаға сәйкес құрамда «Зерде» ұлттық инфокоммуникациялық холдингі» акционерлік қоғамы директорлар кеңесін сайлауды қамтамасыз етсін;
2) екі ай мерзімде үш тәуелсіз директорлар кандидатуралары бойынша ұсыныс енгізсін.
Редакция документа
Демо – версия документа