Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Акционерлік қоғамның үлестес тұлғаларының тізімін ұсыну туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 28 сәуірдегі № 171 Қаулысы (күші жойылды)

Акционерлік қоғамның үлестес тұлғаларының тізімін ұсыну туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 28 сәуірдегі № 171 Қаулысы

 

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 54 Қаулысымен күші жойылды

 

«Акционерлік қоғамдар туралы» 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы 67-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Акционерлік қоғамдар (тұрақтандыру банкін қоспағанда) өздерінің үлестес тұлғаларының тізімдерін осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитетіне (бұдан әрі - Комитет) ұсынсын.

2. Акционерлік қоғамдар үлестес тұлғалардың тізімдерін қағаз және электрондық тасымалдағыштағы (Excel-файлдағы электрондық кестелер) ілеспе хатпен есепті жылғы 1 қаңтардағы, 1 сәуірдегі, 1 шілдедегі және 1 қазандағы жағдай бойынша тиісінше есепті жылғы 31 қаңтардан, 30 сәуірден, 31 шілдеден және 31 қазаннан кешіктірмей ұсынады.

3. Комитет қоғамның үлестес тұлғалары жөніндегі ақпаратты оны Комитеттің интернет-ресурсында орналастыру арқылы не мүдделі тұлғалардың сұратуы бойынша жария етеді.

4. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

1) Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Акционерлік қоғамның үлестес тұлғалары жөніндегі мәліметтерді ұсыну туралы» 2005 жылғы 30 шілдедегі № 272 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3819 тіркелген);

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку