«Көшіп-келушілердің паспорттарын тіркеу, олардың жүріп-тұру, сондай-ақ шетелдіктердің болуы үшін жабық жекелеген жергілікті жерлерге (аумаққа) кіру, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзитпен жүру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2012 жылғы 7 наурыздағы № 135 және Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2012 жылғы 28 сәуірдегі № 08-1-1-1/154 бірлескен бұйрығы (күші жойылды)
Көшіп-келушілердің паспорттарын тіркеу, олардың жүріп-тұру, сондай-ақ шетелдіктердің болуы үшін жабық жекелеген жергілікті жерлерге (аумаққа) кіру, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзитпен жүру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2012 жылғы 7 наурыздағы № 135 және Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2012 жылғы 28 сәуірдегі № 08-1-1-1/154 бірлескен бұйрығы
ҚР Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 9 қазандағы № 831 және ҚР Сыртқы істер министрінің бірлескен бұйрығымен күші жойылды
«Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Заңның 9-бабының 10) тармақшасына сәйкес және Көшіп-келушілердің паспорттарын тіркеу, олардың жүріп-тұру, сондай-ақ шетелдіктердің болуы үшін жабық жекелеген жергілікті жерлерге (аумаққа) кіру, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзитпен жүру тәртібін айқындау мақсатында БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Қоса беріліп отырған Көшіп-келушілердің паспорттарын тіркеу, олардың жүріп-тұру, сондай-ақ шетелдіктердің болуы үшін жабық жекелеген жергілікті жерлерге (аумаққа) кіру, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзитпен жүру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Консулдық қызмет департаментінің директоры, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі комитеттерінің төрағалары, департаменттері мен дербес басқармаларының, Астана, Алматы қалаларының, облыстардың және Көліктегі ішкі істер департаменттерінің бастықтары Қағидаларды басшылыққа қабылдасын және оның талаптарын мүлтіксіз орындауды қамтамасыз етсін.
3. Мынадай:
Документ утратил силу
Демо – версия документа