«Қазақстан Республикасының Қызыл кітабын жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 2 маусымдағы № 734 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Қызыл кітабын жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 2 маусымдағы № 734 Қаулысы
«Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының 7-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Қызыл кітабын жүргізу қағидалары бекітілсін.
2. «Қазақстан Республикасының Қызыл кітабы туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 желтоқсандағы № 1330 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 49, 631-құжат) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2012 жылғы 2 маусымдағы
№ 734 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының Қызыл кітабын жүргізу
қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасының Қызыл кітабын жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының 7-бабының 4) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының Қызыл кітабын жүргізу тәртібін айқындайды.
2. Қазақстан Республикасының Қызыл кітабы (бұдан әрі - Қызыл кітап) Қазақстан Республикасының аумағындағы өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерінің жай-күйі туралы мәліметтер жиынтығын, оларды зерттеу, қорғау, өсімін молайту және орнықты пайдалану жөніндегі қажетті шараларды қамтитын сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген өсімдіктер мен жануарлар түрлері тізбелерінің түрлі-түсті суреттермен безендірілген басылымы болып табылады.
Демо – версия документа