«Қолға ұстайтын жауынгерлік атыс қаруы мен оның патрондарын әзірлеу, өндіру, жөндеу, сату, сатып алу жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 1 ақпандағы № 84 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 мамырдағы № 720 Қаулысы (күші жойылды)
«Қолға ұстайтын жауынгерлік атыс қаруы мен оның патрондарын әзірлеу, өндіру, жөндеу, сату, сатып алу жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 1 ақпандағы № 84 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 мамырдағы № 720 Қаулысы
ҚР Үкiметiнiң 2012 жылғы 21 қарашадағы № 1474 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қолға ұстайтын жауынгерлік атыс қаруы мен оның патрондарын әзірлеу, өндіру, жөндеу, сату, сатып алу жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 1 ақпандағы № 84 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 4, 45-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қолға ұстайтын жауынгерлік атыс қаруы мен оның патрондарын әзірлеу, өндіру, жөндеу, сату, сатып алу жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы»;
2) 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған қолға ұстайтын жауынгерлік атыс қаруы мен оның патрондарын әзірлеу, өндіру, жөндеу, сату, сатып алу жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.»;
3) көрсетілген қаулымен бекітілген қолға ұстайтын жауынгерлік атыс қаруы мен оның патрондарын әзірлеу, өндіру, жөндеу, сату, сатып алу жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптары осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2012 жылғы 31 мамырдағы
№ 720 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 1 ақпандағы
№ 84 қаулысымен
бекітілген
Қолға ұстайтын жауынгерлік атыс қаруы мен оның патрондарын әзірлеу, өндіру, жөндеу,
сату, сатып алу жөніндегі қызметке қойылатын
біліктілік талаптары
Документ утратил силу
Демо – версия документа