Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің «Ақпараттық-тұсаукесер орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 мамырдағы № 626 Қаулысы (2015.28.08. берілген өзгерістермен)

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің «Ақпараттық-тұсаукесер орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 мамырдағы № 626 Қаулысы

(2015.28.08. берілген өзгерістермен)

 

Қазақстан Республикасы Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің «Ақпараттық-тұсаукесер орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз үлеспен қатысатын «Дара қызмет» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне (бұдан әрі - серіктестік) қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.

2. Серіктестік қызметінің негізгі мәні:

1) «Transport Tower» әкімшілік-технологиялық кешені» ғимаратын пайдалану;

2) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігіне көлік қызметін көрсету болып белгіленсін.

3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігімен бірлесіп, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) серіктестік жарғысын бекітуді;

2) серіктестіктің Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

3) серіктестіктің мемлекеттік тіркелген күнінен бастап бір ай мерзімде жарғылық капиталына мемлекеттің қатысу үлесін Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігіне иелікке және пайдалануға беруді;

4) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.

4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

5. Осы қаулы қол қойылған күніне бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку

Сравнение редакции