Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның лицензиясы негізінде банкоперацияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың жарғылық капиталының ең аз мөлшерлері туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 26 наурыздағы № 127 Қаулысы

Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның лицензиясы негізінде банкоперацияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың жарғылық капиталының ең аз мөлшерлері туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 26 наурыздағы № 127 Қаулысы

 

«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Жарғылық капиталдың ең аз мөлшері:

1) Ұлттық почта операторы үшін - 1 (бір) миллиард теңге;

2) ипотекалық ұйымдар үшін - 800 (сегіз жүз) миллион теңге;

3) қаулының осы тармағының 1) - 2) тармақшаларында көрсетілгендерді қоспағанда, банктік қарыз операцияларын жүзеге асыратын ұйымдар үшін - 800 (сегіз жүз) миллион теңге;

4) банк операцияларының өзге түрлерін жүзеге асыратын басқа ұйымдар (шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру немесе банкноттарды, монеталар мен құндылықтарды инкассациялау операцияларын жүзеге асыру қызметінің ерекше түрі болып табылатын заңды тұлғаларды қоспағанда) үшін - 5 (бес) миллион теңге.

2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Ұлттық Банк Төрағасы

Г. Марченко

 

Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банкі Басқармасының

2012 жылғы 26 наурыздағы

№ 127 қаулысына қосымша

 

 

Күші жойылды деп танылатын Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің

тізбесі

 

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку