Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2011.05.11 № 1299 ҚАУЛЫСЫ

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс саласындағы басшы құрамның біліктілігін арттыру республикалық курсы республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 5 қарашадағы № 1299 Қаулысы

 

Осы редакция 2012 жылғы 19 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің «Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс саласындағы басшылық құрамның біліктілігін арттыру республикалық курсы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Азаматтық қорғау республикалық оқу-әдістемелік орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне (бұдан әрі - Серіктестік) қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.

2. Серіктестік қызметінің негізгі мәні төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс саласындағы басшылық құрам мен мамандардың біліктілігін арттыру, оларды даярлау және қайта даярлау, ұйымдар мен азаматтарға әдістемелік көмек көрсету болып белгіленсін.

3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) Серіктестіктің жарғысын бекітуді;

2) Қазақстан Республикасы әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді;

3) Серіктестіктің мемлекеттік қатысу үлестерін иелену мен пайдалану құқығын Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне беруді;

4) осы қаулыны іске асыру жөнінде өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.

4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2011 жылғы 5 қарашадағы

№ 1299 қаулысымен

бекітілген

 

 

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку