«Қазақстан Республикасын газдандырудың бас схемасын дайындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 мамырдағы № 582 Қаулысы (күші жойылды)
Қазақстан Республикасын газдандырудың бас схемасын дайындау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 мамырдағы № 582 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 29 қарашадағы № 1055 Қаулысымен күші жойылды
«Газ және газбен жабдықтау туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы Заңының 5-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасын газдандырудың бас схемасын дайындау қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2012 жылғы 7 мамырдағы
№ 582 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасын газдандырудың бас схемасын дайындау
қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасын газдандырудың бас схемасын дайындау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Газ және газбен жабдықтау туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы Заңына (бұдан әрі - Заң) cәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасын газдандырудың бас схемасын дайындау тәртібін айқындайды.
Документ утратил силу
Демо – версия документа