Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Инвестициялық бағдарламаларды әзірлеу, бекіту және келісу, сондай-ақ олардың іске асырылуы туралы есептілікті ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 мамырдағы № 588 Қаулысы (күші жойылды)

Инвестициялық бағдарламаларды әзірлеу, бекіту және келісу, сондай-ақ олардың іске асырылуы туралы есептілікті ұсыну қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 мамырдағы № 588 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 7 қыркүйектегі № 750 Қаулысымен күші жойылды

 

«Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 20 шілдедегі Заңының 6-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Инвестициялық бағдарламаларды әзірлеу, бекіту және келісу, сондай-ақ олардың іске асырылуы туралы есептілікті ұсыну қағидалары бекітілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2012 жылғы 7 мамырдағы

№ 588 қаулысымен

бекітілген

 

 

Инвестициялық бағдарламаларды әзірлеу, бекіту және келісу, сондай-ақ олардың іске асырылуы туралы есептілікті ұсыну

қағидалары

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Инвестициялық бағдарламаларды әзірлеу, бекіту және келісу, сондай-ақ олардың іске асырылуы туралы есептілікті ұсыну қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Мұнай өнімдерінің жекелеген өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 20 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленді және инвестициялық бағдарламаларды әзірлеу, бекіту және келісу, сондай-ақ олардың іске асырылуы туралы есептілікті ұсыну тәртібін белгілейді.

2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

инвестициялық бағдарлама - экономикалық көрсеткіштер, оның ішінде мұнай өнімдерінің бағасына әсер ететін инвестициялық құрамдастар кіретін, жоспарланған техникалық-экономикалық тиімділік алу мақсатында белгілі бір кезеңге мұнай өнімдерін өндірушілердің қазіргі өндірістік қуаттарын құруға, түгел жаңғыртуға және реконструкциялауға бағытталған қаражат салу және қайтару бағдарламасы;

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку