«Банк холдингінің, сондай-ақ банктің ірі қатысушысының банктің және банк конгломератының меншікті капиталы жеткіліктілігінің коэффициенттерін қолдау шаралары туралы нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 26 наурыздағы № 128 Қаулысы (2016.28.10. берілген өзгерістермен)
Банк холдингінің, сондай-ақ банктің ірі қатысушысының банктің және банк конгломератының меншікті капиталы жеткіліктілігінің коэффициенттерін қолдау шаралары туралы нұсқаулықты бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 26 наурыздағы № 128 Қаулысы
(2016.28.10. берілген өзгерістермен)
«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Банк холдингінің, сондай-ақ банктің ірі қатысушысының банктің және банк конгломератының меншікті капиталы жеткіліктілігінің коэффициенттерін қолдау шаралары туралы нұсқаулық бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Банк холдингінің, сондай-ақ банктің дауыс беретін және (немесе) орналастырылған (банк сатып алған немесе артықшылық берілгендерін алып тастағандағы) акцияларының жиырма бес процентінен астамына тікелей немесе жанама ие банктің ірі қатысушысының - жеке тұлғаның банктің және банк конгломератының меншікті капиталы жеткіліктілігінің коэффициенттерін қолдау жөніндегі шаралары туралы нұсқаулықты бекіту туралы» 2006 жылғы 9 қаңтардағы № 15 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4041 тіркелген, 2006 жылғы 24 ақпанда «Юридическая газета» газетінде, № 33-34 жарияланған);
2) Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 31 қаңтардағы № 8 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6795 тіркелген, 2011 жылғы 17 қазанда Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында, № 11 жарияланған) 3-тармағы.
Демо – версия документа